Қазақстан мен БАӘ серіктестігі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен БАӘ серіктестігі талқыланды

06.04.2017

Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Масдар ғылым және технологиялар институтының ректоры Бехжат әл-Юсуф ханыммен кездесті.

Мемлекеттік хатшы 25 жылда Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында дипломатиялық қатынас берік бекігенін, сан салада толағай табыстарға жеткеніне тоқталды.

Индустриалдық саясат бағытында еліміз таяу онжылдықта  жасыл экономиканы енгізуге басымдық береді. Осы ретте Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңартылған қуат көздері бойынша саясатын толық қуаттап, олардың «таза» энергия бағытындағы мол тәжірибесіне жүгінбек. 

«ЭКСПО» көрмесі аясында «Әйелдер болашақ энергиясын қолдайды» халықаралық форумы өтеді. Онда баламалы энергетика мен «жасыл» экономика саласындағы инновациялық идеяларды ілгерілетуде әйелдердің рөлі мен үлесі талқыланады»,-деген Гүлшара Әбдіқалықова мәртебелі мейманды форумға белсенді атсалысуға шақырды.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу