Қазақстан Еуропалық одақпен арадағы сауда байланысын одан әрі нығайтуға ниетті. Бұл туралы бүгін Ынтымақтастық комитетінің 16-шы отырысында айтылды. Бүгінгі таңда Еуропалық одақ еліміздің басты сауда әріптесі саналады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша арадағы сыртқы сауда айналымы 24 млрд. АҚШ долларына жеткен. Сондай-ақ, Қазақстандағы тауар айналымының 50 пайызы және шет елдерден тартылған инвестицияның жартысынан астамы Еуроодақ елдеріне тиесілі екенін айта кету керек.
Шынар АСАНҚЫЗЫ