Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері Кедендік одақ құрылғалы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының бірнеше есеге ұлғайғанын айтады.
Экономикалық әріптестіктің тиімділігін бүгінде екі елдің де кәсіпкерлері көріп отыр. Солардың бірі – Түмен қаласындағы «Стеклотех» зауыты. Бұл кәсіпорын ай сайын Қазақстанға 16 миллион рубльдің тауарын экспорттайды.
Ал қазақстандық кәсіпкерлердің басты ұстанымы – «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалау», ең бірінші шетелдерден тасмылдағанша, көршіден тиімді бағаға сатып алу, сондықтан, тауардың өзіндік құны да төмен болады.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ