Бүгін Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында Дубай халықаралық қаржы орталығының басшылығымен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев орталықтың қазіргі қызметімен танысып, болашақ жоспарлары жөнінде ақпарат алды.
Дубай халықаралық қаржы орталығының бүгінгі күні қаланың ішкі жалпы өніміне қосқан үлесі 8 процентке жеткен. Елбасы, бұл орталықтың тәжірибесі Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысын ұйымдастыру барысында жан-жақты зерттеліп, қолданылғанын атап өтті.
Бақытжан ОМАР