Сонымен қатар, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. Ақтауға жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев алдымен мәслихат депутаттарына облыс әкімінің лауазымына Ералы Тоғжановтың кандидатурасын ұсыну туралы Мемлекет басшысының хатын оқып берді. Депутаттар бірауыздан Елбасы ұсынған кандидатураны қолдады.
Дулат НУРКИН