Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында облыс активімен кездесіп, өңірдің жаңа әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловты таныстырды.
Ақсақалов Құмар Іргебайұлы 1965 жылы Қостанай облысында туған. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтын тәмамдаған. 1987-1989 ж.ж. - Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженері.
1989-1991 ж.ж. - Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1991-1992 ж.ж. - Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженері. 1992-1993 ж.ж. - Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттік шағын кәсіпорнының директоры.
1993-1996 ж.ж. - Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндірістік бірлестігі директорының орынбасары. 1996-1998 ж.ж. - Қостанай облысы Меңдіқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президенті. 1998-2002 ж.ж. - Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі. 2002-2004 ж.ж. - Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.
2004-2006 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2006-2010 ж.ж. - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 2010-2014 ж.ж. - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы. 2014-2015 ж.ж. - «Нұр Отан» партиясының хатшысы.