Бүгін Елордада Астана процесінің үшінші кезеңі өтеді. Сириядағы жағдайды реттеу үшін бір үстел басына отыратын ұстанымдары қарама-қайшы тараптардың кездесуінен халықаралық ұйымдар үлкен үміт күтіп отыр.
Бейбіт процесті БҰҰ-ның дүниежүзілік ассоциациялар федерациясы да бақыламақ. Бұған дейінгі екі келіссөз Сирияда соғыс аяқталады деген үмітті оятты. Бейбітшілік процесіне алғашқы қадам жасалды.
Айдос ӘШІМҰЛЫ