Үкімет қазақстандықтардың сауалдарын әлеуметтік желі арқылы қабылдауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет қазақстандықтардың сауалдарын әлеуметтік желі арқылы қабылдауда

13.03.2017
Министрлер кабинеті ел азаматтарын әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және азық-түлік бағаларына қатысты сұрақтарын жолдауға шақырады.

Ертеңгі отырыста 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы, 2017 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындық және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу шаралары қаралады.

Отырыс соңында Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Хабарламаларға жазылу