Парламенттің пәрмені күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламенттің пәрмені күшейеді

03.03.2017
Бір ай бойы бүкілхалықтық талқылауға түскен заң жобасын бүгін Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы Парламент қарауына ұсынды.
Құжатта осы бір ай ішінде келіп түскен 6 мыңнан астам ұсыныс-пікір, талап-тілек түгел ескерілген. Қос палатаның бірлескен отырысында да депутаттар тарапынан бірнеше сауал қойылды. Ұсыныстар айтылды. Заң жобасына сәйкес, енді бірқатар әлеуметтік-экономикалық бағыт бойынша Үкіметтің жауапкершілігі күшейеді.


Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу