ШЫҰ елдері Қорғаныс министрліктерінің өкілдері келешек ынтымақтастықты талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ елдері Қорғаныс министрліктерінің өкілдері келешек ынтымақтастықты талқылады

28.02.2017
ШЫҰ елдері Қорғаныс министрліктерінің өкілдері келешек ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрліктерінің халықаралық ынтымақтастық үшін жауапты құрылымдық бөлімшелері бастықтарының кеңесі өтті.

Кеңес 2016-2017 жылдарына арналған Ынтымақтастық жоспары мен алдында жеткен келісімдерге сәйкес ұйымдастырылды. Отырыстың күн тәртібіне шығарылған басты мәселелер – келешек Қорғаныс министрліктерінің кеңесі, 2017 жылға арналған ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер Қорғаныс министрліктерінің ынтымақтастық жоспарының барысы болып табылады. Сонымен бірге қатысушылар 2018-2019 жылдарға арналған Ынтымақтастық жоспарының жобасын және басқа да ынтымақтастық мәселелеріне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық ұйымдардың, соның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының қатысушысы болып,әскери ынтымақтастықты аумақтық және әлемдік деңгейде дамытып жатыр. Өсіп жатқан халықаралық терроризм мен діни экстремизм қатері шартында тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтудағы үйлестірілген бірлескен іс-қимылдар осы ұйым шеңберінде аса маңызды мағынаға ие болуда. Атап айтқанда, «Бейбіт миссия» бірлескен оқу-жаттығулары барысында өзара әрекеттестік пен реттелгендік жетілдіріледі. Осы іс-шара шеңберінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер лаңкестікке, экстремизм мен сепаратизмге қарсы тұру мәселелерін қарастыруда.

www.mod.gov.kz

Хабарламаларға жазылу