Қазақстандық кәсіпорындар Ресейге азық-түлік тасымалдауға дайын. Бұл туралы Мәскеуде өткен кездесу барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. Жиын барысында Қазақстандық азық-түлік тауарларын Ресей Федерациясына экспорттау мәселелері талқыланды.
Қазақстанның Ресейдің импортты алмастыру бағдарламасына қатысуына толық мүмкіндігі бар. Ұн, күріш, қарақұмық жармасы, консервіленген көкөністер, бал және кондитерлік өнімдерді жеткізуге дайынбыз. Еліміз кем дегенде Ресейге 400 мың тонна азық-түлік тасымалдауға қауқарлы.
Индира БЕГАЙДАР