Министрлерге бірқатар міндеттер жүктелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министрлерге бірқатар міндеттер жүктелді

04.02.2017
Елімізде салық пен кеден саласы енді екі бөлек заңмен реттеледі. Бүгін Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жүзеге асыру жолдары жөнінде баяндаған Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев осылай деді. Сөйтіп, бірқатар мекеме басшыларына нақты міндеттер жүктеді. Оның аясында Қаржы министрлігі Салық кодексін барынша жеңілдетіп, құжаттағы талаптарды қысқартуы тиіс.

Кеден саласына қатысты баптар құжаттан алынып тасталып, бөлек кодекс түзілуі тиіс. Сондай-ақ, елдегі жекешелендіру процесін келер жылдың соңына дейін нәтижелі аяқтау тапсырылды.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу