Бүгін еліміздегі кей мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс күні әдеттегіден ерекше басталды. Шенеуніктер арнайы залдарға кіріп, тест тапсырды. Сөйтіп, «Б» корпусының 700-ге жуық мемлекеттік қызметкері кезекті аттестациядан өтті. Алайда, осы жолғы сынақ - бұрынғыдан өзгеше. Биыл шенеуніктердің тиісті заңнамаларды білу деңгейі емес, өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті бағаланады.
Айдана ҮСЕНБАЙ
Айдана ҮСЕНБАЙ