Астана процесі: Иран делегациясы Қазақстанға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана процесі: Иран делегациясы Қазақстанға келді

21.01.2017
Астана процесі: Иран делегациясы Қазақстанға келді

Иран Ислам Республикасының делегациясы Сирия бойынша келіссөздерге қатысу үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды осы елдің Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Бүгін Сыртқы істер министрінің араб және ислам мемлекеттері бойынша орынбасары Хусейн Джабери Ансари бастаған Иран Ислам Республикасының делегациясы Сирия дағдарысы бойынша өтетін келіссөздерге қатысу үшін Қазақстанға келді.

Келіссөздер ресми түрде басталмай тұрып, делегация өкілдері осы келіссөздерге қатысу үшін келген Ресей мен Түркия делегацияларының өкілдерімен жүздеспек. Үш мемлекет өкілдерінің консультацияларының мақсаты - Астанада өтетін келіссөздердің барынша тиімді болуына қажетті шарттар қалыптастыру»,-делінген хабарламада.

Ресей, Түркия және Иран Ислам Республикасы өкілдерінің байқауымен өтетін келіссөздер 13-14 қаңтарға жоспарланып отыр. Сондай-ақ келіссіздердің мақсаты татуластықты нығайту, терроризмге тиімді қарсы тұру және Сирия үкіметі мен оппозиция өкілдері арасында диалог орнату.

inform.kz 

Хабарламаларға жазылу