Уақытша тіркеу туралы заңға қатысты түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілмеген. Құжатты орындау тетіктері де ойластырылмаған. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бүгін Ішкі істер министрлігінің жұмысын қатаң сынға алды. Премьер-Министр заң өткен айдың 22-сінде күшіне енгеніне қарамастан, электронды түрде тіркелу жүйесі әлі дайын еместігін айтты.
Айдана ҮСЕНБАЙ
Айдана ҮСЕНБАЙ