Қазақстан арқылы «Жаңа Жібек жолы - 2017» халықаралық экспедиция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан арқылы «Жаңа Жібек жолы - 2017» халықаралық экспедиция өтеді

21.11.2016
Алдағы жылы Қазақстан аумағы арқылы «Жаңа Жібек жолы - 2017» халықаралық экспедициясы өтеді. Бұл туралы аталған экспедиция авторлары хабарлады.

Қытайдан басталған жол Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Ресей және Беларусь аумағы арқылы өтіп, Польшада аяқталмақ.
Шараның басты мақсаты - жаңа жібек жолы сауда-көліктік дәлізі бойындағы елдердің мәдениеті мен тарихын насихаттап, өзара байланысты арттыру.


Дулат ӘБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу