Бүгін түнде Астанаға Ресей Президенті Владимир Путин ұшып келді. Көрші ел басшысы елордада өтетін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының қонағы болады. 13-ші мәрте шымылдығын түретін жиынға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатыспақ.