Бұдан былай Қазақ елі мен Сербия арасындағы экономикалық қарым-қатынас қазіргіден де қарқынды дамитын болады. Бұл туралы бүгін Сербия астанасы Белградқа ресми сапармен барған Мемлекет басшысы мәлімдеді.
Елбасы Сербия Президенті Томислав Николичпен кездесті. Серб елінің басты сарайында өткен келіссөздер кезінде президенттер екі елдің саяси-экономикалық ынтымақтастығын нығайту жайын жан-жақты талқылады.
Ғабит БӨКЕНБАЙ