Н.Назарбаев күзде Қырғыз еліне ресми сапармен барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев күзде Қырғыз еліне ресми сапармен барады

20.06.2016
Н.Назарбаев күзде Қырғыз еліне ресми сапармен барады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев күзде Қырғызстанға ресми сапармен барады. Бұл туралы бүгін халықпен есепті кездесу өткізген ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мəлім етті.

"Ағымдағы жылдың қыркүйек айында  Мемлекет басшысы Бішкекке ресми сапармен барады. Онда екі елдің арасындағы жоғары мемлекеттік кеңестің кезекті отырысы өткізіледі", - деді ол.

Сонымен қатар министр Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы байланыстардың жоғары деңгейде екендігін атап өтті. Жалпы, Орталық Азияның барлық елдерімен айрықша саяси жəне экономикалық мүдде орнағанын еске салды.

Хабарламаларға жазылу