Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 20-шы Халықаралық экономикалық форумға қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Форум аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Ресей Президенті Владимир Путинмен және ресейлік бизнес өкілдерімен кездесуі жоспарланған.