2016 жылдың екінші жартыжылдығында Израиль Премьер-министрі Биньямин Натаньяху Қазақстанға сапармен келеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі Елшісі Дулат Қуанышев мәлім етті.
«Сапарға орай тиісті дайындық жұмыстары жүреді, екіжақты қатынастардың сауда-құқықтық базасы жетілдіріледі. Осы ретте екіжақты ынтымақтастықтың жобаларын дамытуды жеделдетуге көмектесетін тиісті даталарға даяр болу үшін, сондай-ақ қандай да бір шешімдерді қабылдау мақсатында ведомстволар арасында өзара іс-қиымылдар белсендірек атқарылады. Бізде екіжақты ынтымақтастықтың жобалары бар, яғни жобалар энергетика, агротехнология және әскери-техникалық қатынастарда бар. Сондықтан да сапар аясында белгілі бір құжаттарға қол қойылып, тиісті келісімдерге қол жеткізіледі деп үміттенеміз», - деді Елші.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Б.Нетаньяхудің сапары 2016 жылдың аяғына жоспарланып отыр.