Террористердің қолынан қаза тапқан адамдардың отбасыларына қолдау көрсетейік - депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Террористердің қолынан қаза тапқан адамдардың отбасыларына қолдау көрсетейік - депутат

14.06.2016
Террористердің қолынан қаза тапқан адамдардың отбасыларына қолдау көрсетейік - депутат

Парламент Мәжілісінің депутаты Роман Ким Ақтөбеде лаңкестердің қолынан қаза тапқан  әскери адамдардың отбасыларына қолдау көрсетуге шақырды. Себебі, депутат атап өткендей, сол ерлер болмағанда, Ақтөбедегі жағдайдың немен аяқталарын ойлаудың өзі қорқынышты.

«Өлім жазасын алып тастағанмен, ештеңе өзгермейді. Бірақ, террористерге ең ауыр жаза қолдану керек. Шаңырағымыз шайқалып көрген емес, бұрын басқа елдерде атыс-шабыс болып жатқанын ғана еститін едік. Енді міне, Ақтөбедегі жағдайдан кейін ес жия алмай отырмыз. Бүгін Мемлекет басшысы өз мәлімдемесін жасады, халықты сабырға шақырып, лаңкестер қатаң жазаланатынын айтты. Осындай қайғылы оқиғадан кейін қауіпсіздік шараларын арттыру керек. Сондай-ақ, террористердің қолынан қаза тапқан адамдардың отбасыларына қолдау көрсетейік. Олардың қайғысына бей-жай қарауға болмайды, өйткені, сол адамдардың арқасында оқиға ушыққан жоқ»,-дейді депутат.

 

Хабарламаларға жазылу