Қазақстан мен АҚШ ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақ туралы бірлескен мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен АҚШ ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақ туралы бірлескен мәлімдеме жасады

04.04.2016
Қазақстан мен АҚШ ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақ туралы бірлескен мәлімдеме жасады
Онда Америка Құрама Штаттары Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ Вашингтон, Сеул және Гаага саммиттерінің ядролық қауіпсіздікке қатысты шешімдерін іске асыру жөніндегі күш-жігерін құптайды.

Тараптар Қазақстандағы ВВР-К реакторының бүкіл жоғары байытылған уран отыны ядролық отын өндіретін қазақстандық кәсіпорында материал қосып сұйылту арқылы сәтті түрде жойылғандығын жариялайды.

Бұған қоса, тараптар Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығын құру ісіне бірлескен күш-жігер жұмсалып отырғанына айрықша тоқталған.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу