Мәжіліс депутаттығынан үміткерлер тізіміне Ильин мен Головкин де енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттығынан үміткерлер тізіміне Ильин мен Головкин де енгізілді

29.01.2016
Мәжіліс  депутаттығынан  үміткерлер тізіміне  Ильин мен Головкин де  енгізілді
Мәжіліс  депутаттығынан  үміткерлер тізіміне  Ильин мен Головкин де  енгізілді

Парламент Мәжілісіне депуаттықтан үміткерлер тізіміне боксшы Геннадий Головкин мен әншілер Жанар Дұғалова, Қайрат Нұртас енгізілді. Жалпы, партия ұсынған тізімде 127 адам бар.

Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде алда өтетін Парламент Мәжілісі сайлауында депутаттықтан үміткер азаматтардың тізімі белгілі болды. Бұл тек партиялық тізім болып есептеледі. Ондағы 127 адамның қайсысы Мәжіліске өтетіндігін партия мүшелері шешеді. Сондықтан, тізімдегі барлық азаматтар депутат болады деген ұғым болмауы керек.

Дегенмен, партиялық тізімде ауыр атлет Илья Ильин, боксшы Серік Сәпиев те бар. Сонымен қатар, тізімге Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматуллин, Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов те енгізілген. Сонымен қатар, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, әнші Бекболат Тілеуханның есімі де тізімде жүр. . Яғни, партия ұсынған тізімде сан түрлі саланың өкілдері бар.


Kaznew.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу