Төртінші өнеркәсіп төңкерісі жақындап келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төртінші өнеркәсіп төңкерісі жақындап келеді

29.01.2016
Төртінші   өнеркәсіп  төңкерісі жақындап келеді
Төртінші   өнеркәсіп  төңкерісі жақындап келеді

«Төртінші өнеркәсіп төңкерісі жақындап келеді. Әлемді таңғажайып жаңалықтар күтіп тұр»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде. Президент Қазақстанның жаһандық осындай өзгерістеріне дайын болуы керектігін айтты.

Төртінші   өнеркәсіп  төңкерісі жақындап келеді

«Ұсақ-түйек дене еңбегі артта қалады. Нанотехнологиялар автокөліктердің өзін басып шығаратындай деңгейге келді»,-деді Н.Назарбаев. Президент 2020 жылға қарай жоғары технологиялар әлемде 5 млн жұмысшыны алмастыратындығын атап өтті. Қазіргі кезде ғылым кітапты сандық жүйеге көшіруден бастап адамның механикалық ткандарын жасау деңгейіне де жетті. Алдағы бірнеше жылда адам миының қызметін толық атқара алатындай компьютерлер жасалмақ. Бұл еңбек бөлінісіне де өз әсерін тигізеді. Сондықтан, Қазақстанның мұндай өзгерістерге даяр болғаны керек.



Kaznew.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу