«Нұр Отан» партиясының 17 жылдық көшбасшылығы елдің жетістігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясының 17 жылдық көшбасшылығы елдің жетістігі

29.01.2016
«Нұр Отан»  партиясының 17 жылдық көшбасшылығы елдің жетістігі
«Нұр Отан»  партиясының 17 жылдық көшбасшылығы елдің жетістігі

Астанада «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі өтіп жатыр. Жиында Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі жетекші саяси ұйымның атқарған жұмыстарына жоғары баға берді.

«Нұр Отан»  партиясының 17 жылдық көшбасшылығы елдің жетістігі

«Нұр Отанның» 17 жылдық көшбасшылығы біздің экономикамыздың, мемлекет пен қоғамның нақты жетістіктеріне айналды»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Президент Қазақстанның соңғы жылдары қол жеткізген табыстары да мол болғанын айтты. «Бұрын бізде ешқашан өндірілмеген жаңа 400 өнім өндірілуде. Инфрақұрылым саласында 1300 шақырымдық «Жезқазған-Бейнеу» жолы салынды. Сөйтіп, теміржол саласында бұрын соңды болмаған құрылыс салуға қол жеткізілді. Нұрлы жол бағдарламасы орындалды. Соңғы 10 жылда біз 70 млн шаршы метр тұрғын үй салдық. 6 жасқа дейінгі балалардың 82 пайызы балабақшамен қамтылды.Еліміздегі 6 жасқа дейінгі балалардың 82 пайызы балабақшамен қамтылды»,-деді Президент. Елбасы өткен жылы елімізде 5 институттық реформа басталғанын да атап өтті.


Kaznew.kaztrk.kz

фото: munara.kz

Хабарламаларға жазылу