Cенат төрағасы атып түсірілген Су-24 ұшағына байланысты алаңдаушылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cенат төрағасы атып түсірілген Су-24 ұшағына байланысты алаңдаушылық білдірді

25.11.2015
Cенат төрағасы  атып түсірілген  Су-24  ұшағына байланысты алаңдаушылық білдірді
Cенат төрағасы  атып түсірілген  Су-24  ұшағына байланысты алаңдаушылық білдірді

Су-24 ұшағының атып түсірілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев алаңдаушылығын білдірді. Сенат төрағасы өзінің twitter-дегі парақшасында Түркияның ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіруінің салдары ауыр болуы мүмкін екендігін жазған.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Түрік әскери әуе күштерінің ресейлік бомбалаушы ұшақты негізсіз атып түсіруі екі жақты қарым-қатынастарға ауыр зардап тигізетін инцидент» деп жазды.

Естеріңізге салар болсақ, 24 қараша күні Түркия әскери әуе күштерінің жойғыш ұшақтары елдің әуе кеңістігін бұзғандығын алға тартып, Ресейдің Сирияда ұрыстарға қатысып жүрген Су-24 ұшағын атып түсірген болатын. Ресей тарапы ұшақтың Түркия әуе кеңістігіне кірмегенін алға тартса, түріктер өз ұшқыштарының ресейліктерге бірнеше мәрте ескерту жасағанын, ал ресейліктердің ескертулерге назар аудармай, елдің әуе шекарасын бұзғанын айтуда.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу