Сенатта «Астана қаржы орталығы туралы» Заң қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта «Астана қаржы орталығы туралы» Заң қаралды

04.11.2015
Сенатта «Астана қаржы орталығы туралы» Заң қаралды
Астананың қаржы орталығына айналуына ешқандай кедергі жоқ.

Бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті арнайы Заң жобасын қарап жалпы отырысқа шығаруға келісім берді. Астанаға жақын қаржы орталықтары батыста Дубайда, шығыста Сингапурде орналасқан.

Дубай қаржы орталығының жұмысы негізінен Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерін қамтиды. Ал Сингапур Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне ықпал ете алады. Ал осы аралықта тұрған Астана қаласын қаржы орталығына айналдыруға қажетті нарық жеткілікті дейді, мамандар.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу