Ерлан Ыдырысов адам құқықтарына қатысты халықаралық қарым-қатынастарға Қазақстанның қашан да ашық екенін жеткізді. Ал, мәртебелі мейман Қазақстанда адам құқықтарын қорғау бағытында жасалып жатқан реформаларды жоғары бағалады.
Елімізге жұмыс сапарымен келген Кейс Ван Бара мырза, сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтановпен де кездесті.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ