Мәскеу қаласында ТМД экономикалық кеңесінің 67-ші отырысы өтті. Жиында ұйымға мүше елдердің өкілдері, экономика саласына қатысты 20-ға тарта мәселені талқылады.
Оның қорытындысы бойынша бірқатар нақты құжаттар қабылданды.
Тараптар бұдан бөлек, ТМД-дағы еркін сауда аймағы туралы келісімнің іске асу барысы туралы есепті тыңдап, соғысқа қатысқан ардагерлерге ТМД көлемінде бірдей жеңілдік жасау жайын пысықтады.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ