Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми мен Дубай халықаралық қаржы орталығы соттарының бас судьясы Майкл Хван маңызды құжатқа қол қойды.
Меморандумда тараптардың соттарда қаржыны өндіру туралы шешімін мәжбүрлі түрде орындату тетіктері қамтылған.
Бұл бастама екі жақты қарым-қатынастың дамуын арттырады. Сәйкесінше, іскерлік байланыстарды нығайтып, сот шешімдерінің өзара тиімді орындалу жүйесін жетілдіруге мүмкіндік туғызады.
Сәкен СЕЙІТХАН