Есірткі – індет, күресу – міндет! Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Бас прокурорларының пікірі осыған саяды. Құзырлы орган басшылары терроризммен бірлесе күресу мәселесін талқылап, есірткі бизнесіне тосқауыл қою үшін бірлесіп жұмыс істеуге мәмілеге келді.
Күн ұзаққа созылған басқосу барысында барлық қатысушы мемлекеттер өзара тәжірибе алмасу үшін арнайы хаттамаға қол қойды.
Кеңес соңында жиынға қатысушы мемлекеттер ортақ міндеттерді бірлесе атқаруға уағдаласып, тарқасты. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ендігі отырысы келер жылы Қытай Халық Республикасында өтеді.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ