Бейжіңде «Қазақстан: бүгін және ертең» атты халықаралық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде «Қазақстан: бүгін және ертең» атты халықаралық конференция өтті

30.06.2015
Бейжіңде «Қазақстан: бүгін және ертең» атты халықаралық конференция өтті

Қытай астанасы Бейжіңде «Қазақстан: бүгін және ертең» деген тақырыпта халықаралық конференция өтті. Қазақстан Елшілігі мұрындық болған шараға қытайлық сарапшылар, саясаткерлер және шетелдік дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.

Конференция барысында шетелдік мамандар еліміздің бүгінге дейін бағындырған белестеріне жоғары баға берді. 

Қытайлық сарапшылар алдымен Қазақстанның жаһандық маңызы бар қадамдарын атап өтті. Ядролық қарудан бірінші болып бас тартқан Қазақстанға әлем әлеуетінің құрметі зор екенін айтты

«АӨСШК құру, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі секілді бастамалар халықаралық аренада елдің беделін едәуір еселетті», дейді  мамандар.

 

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу