Вице-спикер Куба Қазақстанның Кариб бассейніндегі сенімді серіктесі екендігін атап, біздің еліміз алдағы уақытта да мемлекеттер арасындағы жан-жақты қарым-қатынасты өркендетуге мүдделі екендігін білдірді.
Екі ел арасында өзара пайдалы әрі мүдделі бағыттар көп болғандықтан, Мәжілістің вице-спикері Куба іскерлерінің компанияларын «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды.
Индира БЕГАЙДАР