«Нұр Отан» мен «Единая Россия» партиялары арасындағы байланысты нығайту мәселелері «Единая Россия» партиясы бас кеңесінің хатшысы Сергей Неверовпен болған кездесуде егжей-тегжейлі пысықталды.
Қос елдің билеуші партиялары арасындағы және Парламентаралық қарым-қатынасты тереңдету мәселелері, Мемлекеттік Думадағы «Единная Россия» фракациясының жетекшісі, Дума төрағасының орынбасары Владимир Васильевпен болған бас қосуда айтылды.
Бауыржан Байбек көрші елдегі әріптестерін, Президент ұсынған 5 институционалды реформаны орындаудың «100 нақты қадамы» стратегиясымен таныстырды.
Аталған кездесулер барысында Ресей Федерация Кеңесі халықаралық істер жөніндегі комитет жетекшісінің орынбасары Андрей Климов елімізді Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтады.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ