Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова АҚШ Елшісі Джордж Кролмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова АҚШ Елшісі Джордж Кролмен кездесті

23.06.2015
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова АҚШ Елшісі Джордж Кролмен кездесті

Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті Елшісі Джордж Альберт Кролмен кездесті.

Кездесуде Мемлекеттік хатшы Елшіні жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, елімізде Президент бастамасымен  Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» іске асыру жұмыстары басталғанынан хабардар етті.

Тараптар бұдан бөлек, мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамыту мен толерантты қоғам, көпэтностық құндылықтарды ілгерілету тақырыптары төңірегінде пікір алмасты. 

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу