Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ Бас комиссары Астрид Турспен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ Бас комиссары Астрид Турспен кездесті

16.06.2015
Асқар Шәкіров ЕҚЫҰ Бас комиссары Астрид Турспен кездесті

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Астрид Турс Қазақстандағы бейбітшілік моделін жоғары бағалады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровпен кездескен комиссар ұйым мен Қазақстан арасындағы құқықтық жобаларды көптеп жүзеге асыру керектігін айтты.

Өз кезегінде Асқар Шәкіров  Астрид Турсты Ұлттық құқық қорғау ұйымының қызметімен таныстырып, «елдегі этносаралық келісім - көпке үлгі», деп баға берді. Сондай-ақ, бірлік пен тату болашақ Елбасының ұсынған 5 институционалдық реформасының маңызды бөлшегі екенін жеткізді.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу