Мәскеуде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кездесті

04.06.2015
Мәскеуде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кездесті

Содан соң Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға қазақ делегациясын еліміздің сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастап барды.

Отырыс кезінде тараптар, шілде айында Уфада өтетін ұйымға мүше мемлекет басшыларының саммитіне дайындықтың барысын талқылады.

Тарқатып айтар болсақ, министрлер ұйымның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын, Уфа декларациясын, Жеңістің 70 жылдығы мен есірткімен күрес туралы Президенттердің мәлімдемелерін және Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттерінің өзара іс-қимыл және ынтымақтастығы туралы келісімінің жобасын пысықтайды.

Жиында сөз сөйлеген еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, ұйым жұмысының маңыздылығына тоқталды.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу