«Бауырына басқандарға - тағзым». Мәскеудің іргесінде орналасқан Красноармейск қалалық округінде осындай атаумен еске алу акциясы өтті.
Бұл - сонау соғыс жылдары жер аударылып барған қаншама ұлыс өкілдерін бауырына басып, жатырқамай қабылдаған Қазақстан мен өзге де Орталық Азия халықтарына алғыс айтуға арналған шара.
Красноармейск қаласына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыз Республикасының Ресейдегі дипломаттары мен диаспора басшылары жиналды.
Жылдағы дәстүр бойынша тараптар алдымен Жеңіс алаңындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Содан соң меймандарды қала басшысы арнайы қабылдап, алғыс айтты.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ