ҚХА мүшелері: Еліміздің озық мемлекеттер қатарынан көрінуіне барлық жағдай жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА мүшелері: Еліміздің озық мемлекеттер қатарынан көрінуіне барлық жағдай жасалған

06.05.2015
ҚХА мүшелері:  Еліміздің озық мемлекеттер қатарынан көрінуіне барлық жағдай жасалған

Татулық - тұрақтылық пен дамудың кепілі. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері еліміздің әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарынан көрінуіне барлық жағдай жасалған, деп санайды.

«Елбасы әлемдік дағдарысқа төтеп беретін басым жоспарларымен бөлісті. Ол «Нұрлы жол» Жолдауы, ол - 5 институционалдық реформа және  «Қазақстан-2050» даму стратегиясы.

Бұл мақсаттардың ойдағыдай жүзеге асырылуына жігер де, күш те, мүмкіндіктер де мол. Біз бірліктің арқасында осы жоспарларды орындаймыз. Мемлекетімізді дамыған 30 елдің қатарына қосамыз. Ең бастысы, бізді тың идеяларымен алға жетелейтін көшбасшымыз бар», дейді неміс жастары клубының жетекшісі Егор Молодцов. 

Хабарламаларға жазылу