Премьер-министрлікке кандидатты талқылады. Жаһандық экономика күрделі кезеңдерді өткеріп жатқанын еске салған мемлекет басшысы уақыт жоғалтуға мүлде болмайтынын ескертті.
Кәрім Мәсімовтің бұған дейінгі дағдарыстарды еңсерген тәжірибесі мол. Сондықтан фракция басшылары ұсынысты қолдады. Ел үшін Үкімет пен Парламенттің үйлесімді жұмыс істегені маңызды.
Депутаттар бұл ұсынысты қолдап, бір адамдай дауыс берді. Мәжіліс тұтас мақұлдаған соң мемлекеттің басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.
Еркін ТАҢАТҚАНҰЛЫ