Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Сыртқы істер министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Сыртқы істер министрін қабылдады

13.04.2015
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Сыртқы істер министрін қабылдады

Иран саясаткері екі ел парламенттері мен іскер топтарының арасындағы белсенді байланыстарды дамытуға Астананың ұмтылысына қолдау білдірді.

Спикер Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V Съезіне дайындық туралы хабардар етіп, діни форумға Ислам мазхабшылары дүниежүзілік жақындасу ассамблеясының Бас хатшысы Аятолла Мохсен Аракидің қатысуына Қазақстан зор маңыз беретініне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лозаннадағы Иран мен «алтылықтың» халықаралық мәмілегерлері қол жеткізген уағдаластықтарды Қазақстан қолдайтынын айтты.

«Бұл келісімдер түпкілікті шешім шығатын сындарлы үнқатысуды одан әрі ілгерілетуге негіз болады»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу