Қазақ елі мен Мажар Үкіметі келешекте халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өзара байланысты арттыруға уағдаласты.
Нақтырақ айтқанда, тараптар терроризмге, экстремизм мен кибер-қылмысқа және есірткі тасымалына қарсы күресте өзара тәжірибе алмасады. Кездесудің қорытындысы бойынша екі елдің Бас прокуратурасы арасында «Ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойылды.
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ