Форумға екі елдің 300-дей бизнес өкілі қатысып жатыр. Сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланған жиында инвесторларға жаңа индустриялық саясат аясындағы шаралардың жаңа пакеті таныстырылды.
Мәселен, Венгрлік тарап өздеріндегі Эксим банкі арқылы Қазақстан-Венгр іскерлік байланысқа 50 миллион долларды несие түрінде үлестірмек. Форум аясында жеңіл өнеркәсіп, мұнай және газ, сауда және қаржы, медициналық жабдықтар өндірісі, кадрларды дайындау жөніндегі екіжақты құжаттарға қол қойылмақ.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ