Қазақстан мен Ресей зиялыларының форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей зиялыларының форумы өтті

30.03.2015
Қазақстан мен Ресей зиялыларының форумы өтті

Елордадағы ірі ғылыми орталық - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасында «Бейбітшілік пен жасампаздық диалогы» атты Қазақстан мен Ресей зиялыларының форумы өтті.

Оған ҚР Парламенті Мәжілісі мен Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының депутаттары, Ресейдің алдыңғы қатарлы сарапшылары мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Форумды Қазақстан Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев ашты.

Сарапшылар Қазақстанның экономикалық қуатының қоры мол екендігін атап өтті. Оған ең алдымен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты кепіл бола алады.

Форум барысында резолюция қабылданды. Бүгіннен бастап, Қазақстан мен Ресей зиялылары тұрақты диалог алаңында бас қосады.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу