Жиын кезінде тараптар қаржы-экономикалық саладағы мәселелерді шешуге бағытталған ТМД елдерінің іс-қимыл жоспарының жобасын және 2020 жылға дейінгі инновациялық ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламасын іске асыруға арналған іс-шаралардың жобасын бекітті.
Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев ТМД елдерінің халықаралық экономикалық форумына да қатысып, жиналған қауымға Қазақстан Президентінің арнайы хатын оқып берді.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ