Қазақстан мен БҰҰ Балалар қоры арасындағы байланыс нығаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен БҰҰ Балалар қоры арасындағы байланыс нығаяды

12.03.2015
Қазақстан мен БҰҰ Балалар қоры арасындағы байланыс нығаяды

Қазақстан мен БҰҰ Балалар қоры арасындағы байланыс нығаяды.

Тараптар өткен жылы «Балалар мен білімді басқару мүддесіндегі әлеуметтік саясат» атты екіжылдық жоспарға қол қойған еді.

Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қордың Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитныймен кездесіп, ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Қазақстан аталған қормен 1992 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

ЮНИСЕФ-тің қолдауымен  балалар өмірін сақтау, білім сапасын арттыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу