Қуандық Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ бюро миссиясының қажеттіліктерді бағалау жөніндегі мүшелерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуандық Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ бюро миссиясының қажеттіліктерді бағалау жөніндегі мүшелерімен кездесті

04.03.2015
Қуандық Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ бюро миссиясының қажеттіліктерді бағалау жөніндегі мүшелерімен кездесті

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі кеңесшілерімен кездесті.

Комиссия төрағасы  халықаралық сарапшылар жұмысы үшін қажет мәліметтерді ұсынуға әзір екенін білдірді. Сондай-ақ, 26-сәуірге белгіленген сайлауға дайындық барысы туралы баяндады.

Қуандық Тұрғанқұлов халықаралық сарапшыларға Орталық сайлау комиссиясының ынтымақтастық үшін ашық екенін білдірді.

 

Еркін ТАҢАТҚАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу