Соңғы 10 жылдың ішінде түбі бір түркі елдерінің байланысы едәуір артты.
Оған Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Түркі кеңесінің ықпалы зор.
Бұл туралы Анкарада өткен «Түркі кеңесі және Еуразия кеңістігіндегі байланыс» атты конференцияда айтылды.
Шара барысында әлемдегі экономикалық дағдарыс пен геосаяси ахуал мәселесі де талқыланды.
«Тек түркі дүниесімен шектелмей, Еуропа одағымен де қарым-қатынас орнатуға болады. Келесі басқосуға кеңеске мүше емес елдерді де шақырып, осы мәселелерді жан-жақты талқылау қажет», дейді Түркі кеңесінің бас хатшысы Рамиль Хасанов.
Бақытжан ОМАР