Еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаев АҚШ-қа сапары кезінде америкалық әріптесі, сол елдің Бас прокурорының орынбасары Брюс Шварцпен кездесті.
Тараптар мекемеаралық қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуге, Қазақстан мен АҚШ құқықтық жүйелері арасындағы ынтымақтастықты жоғары деңгейге жеткізуге дайын екендіктерін білдіріп, мұны құжат бойынша бекітті.
Келісімге қол қою - қазақстандық және америкалық уәкілетті органдардың тергеу, қылмыстық қудалау және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ